Мир вам и милость Создателя, да пребудет с вами сила,
да пребудет с вами вера в Него
НовостиТренировкиСпортсменыНаши контакты

Открытый Кубок РК по грэпплингу и панкратиону

Панкратион (традишн элит бөлімдері) және Грепплинг бойынша балалар, кадеттер, юниорлар мен ересектер арасындағы Қазақстан Республикасы Кубок ережесі

 

1. Мақсаттары және міндеттері

Панкратион (традишн,  фулл-контакт бөлімдері) және Грепплинг бойынша балалар, кадеттер мен юниорлар арасындағы Қазақстан Республикасының Кубогі:

- Панкратионды Қазақстан Республикасында спорт түрі дәріптеу және одан әрі дамыту мақсатында;

- спорт резервін дайындау бойынша спорттық ұйымдардың жұмыс қорытындыларын шығару, салмақ категориялары бойынша мықты спортшыларды анықтау, белсенді және салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ спортшылардың спорт шеберліктерін жоғарылату мақсатында;

- Панкратион бойынша Қазақстан Республикасының құрама командасын құру үшін мықты спортшыларды анықтау мақсатында өткізіледі. 

 

2. Жарыс қатысушылары

Салмақ категориялары мен жас топтары:

Балалар – 10-11 жас

Түрлері – Грепплинг, Панкратион бөлімі - традишн

Салмақ категориясы; 27, 30, 34, 38, +38кг

Балалар – 12-13 жас

Түрлері – Грепплинг, Панкратион бөлімі - традишн

Салмақ категориясы; 30, 34, 38, 42, 46, +46кг 

Балалар – 14-15 жас

Түрлері – Грепплинг, Панкратион бөлімі - традишн.

Салмақ категориясы:  42, 47, 53, 59, 66, +66 кг

Кадеттер – 16-17 жас

Түрлері – Грепплинг, Панкратион бөлімдері - элит.

Салмақ категориясы: 50, 54, 58, 63, 69, 76, +76 кг

Юниорлар – 18-19 жас

Түрлері – Грепплинг, Панкратион бөлімдері - элит.

Салмақ категориясы: 57, 62, 66, 71, 77, 84, 92, +92 кг

Ересектер – 20 жас

Түрлері- Грепплинг, Панкратион бөлімдері- элит

Салмак категориясы: 57, 62, 66, 71, 77, 84, 92, +92 кг

 

3. Қатысушылардың бірыңғай киімі

Атлет жекпе-жекке UWW бекіткен, бірыңғай киімде шығуы тиіс.

Панкратион традишн үшін бірыңғай киімде шолақ шалбар, рашгард, қолғап, жартылай фут-қалқаншалар, бандаж, капа қамтылады.

Панкратион элит үшін бірыңғай киімде дулыға (шлем), шолақ шалбар, рашгард, қолғап, жартылай фут-қалқаншалар, бандаж, капа қамтылады. Бірінші болып шақырылатын атлет қызыл түсті дулыға (шлем), шолақ шалбар мен қалқаншалар киюі тиіс, ал екіншісі – көк түсті киінуі тиіс. Шолақ шалбар кең қолпылдақ болмауы тиіс әрі қалталары, түймеліктері, шыртылдақтары, сыдырма ілгектері, т.с.с. болмауы тиіс.

Грепплинг үшін бірыңғай киімде шолақ шалбар, рашгард, бандаж, капа қалауынша қамтылады.

Бірінші болып шақырылатын атлет аяғына қызыл түсті байлауыш киеді, ал екіншісі – көк түсті байлауыш киеді. Шолақ шалбар кең қолпылдақ болмауы тиіс әрі қалталары, түймеліктері, шыртылдақтары, сыдырма ілгектері, т.с.с. болмауы тиіс.

4. Жекпе-жек ұзақтығы мен уақыт тәртібі

Тартыс ұзақтығы:

Тартыс 1 раунд өткізіледі:

Балалар мен кадеттер – 3 минут таза уақыт.

Юниорлар – 4 минут таза уақыт.

Ересектер- 5 минут таза уақыт.

5. Жарыстарды өткізу уақыты мен орны

Қазақстан Республикасы, Темиртау, Металургический Институт, проспект Республики 34  спорт залы с левой стороны от Ледового Дворца.

Салмақ өлшеу Олимпиадалық резерв спорт залында Ерубаева 43а к.,  мекенжайы бойынша өткізіледі.

 

16.10

19.00-21.00

Мандаттық комиссия, медициналық бақылау мен салмақ өлшеу, Грепплинг, жеребе салу. Төрешілік семинар.

17.10

10.00-13.00

Грепплинг бойынша алдын-ала тартыстар.

 

13.00-13.30

 Ашылу салтанаты

 

14.00-18.00

Жартылай финалды және финалды кездесулер

 

18.00-19.00

Марапаттау салтанаты

 

19.00-21.00

Мандаттық комиссия, медициналық бақылау мен салмақ өлшеу, Панкратион  бөлімі, жеребе салу. Төрешілік семинар.

18.10

10.00-13.00

Панкратион бөлімі бойынша алдын-ала сайыстар.

 

13.00-14.00

 Түскі ас

 

14.00-18.00

Жартылай финалды және финалды кездесулер

 

18.00-19.00

Марапаттау салтанаты

 

19.00

Командалардын кетуі

 

6. Нұсқаулық, жарыстарды өткізу жүйесі

Жарыстардың жалпы басшылығы мен өткізілуі Қазақстан Республикасының Спорт және дене шынықтыру істері комитетімен Панкратион Ұлттық Федерациясының қолдауымен жүзеге асырылады. Жарыстарды өткізу бойынша тікелей басшылық ету ПҰФ бас төрешілер алқасымен жүзеге асырылады.

Төрағалық UWW ережелеріне сәйкес өткізілетін болады.

Бас төреші                 В.Н. Фофанов

Бас хатшы                 Н. Сейдуали

 

7. Жарыс қатысушылары

Қазақстан Республикасының Кубогі ресми өтінімге енген, сәйкес даярлығы бар спортшылар жіберіледі. Сақтандыру полисінің, жеке куәлігінің, оқу орнынан анықтаманың болуы міндетті.

 

8. Наразылықтар беру мен оларды қарау тәртібі

Барлық қарсылықтар Панкратион Федерациясының ережелеріне сәйкес берілуі тиіс.

Қатысушылардың, жеке төрешілердің шешімдерінің дұрыстығына қатысты күмәндары туындаған кезде, өз командасының өкілі арқылы төрешілер алқасына өтініш не қарсылық білдіруге рұқсат беріледі.

Өтініш беруші жекпе-жек  қорытындысымен келіспеуіне байланысты, жарыстардың бас төрешісінің атына жазбаша түрде, жекпе-жектің бейнежазбасын және жарыстар барысының хаттамасының көшірмелерін қосымша ретінде тіркеп, қарсылық білдіре алады.

Төрағалық етуші бас төреші құрамындағы төрешілер алқасы қарсылықты оның келіп түсуі кезінен кідірмей қарастыруға міндетті.

Бас төрешілер алқасының қарсылықтар бойынша шешімі соңғы деп саналып, қайта қарауға жатпайды.

 

9. Медициналық-санитарлық қамтамасыз ету мен қауіпсіздік техникасы

Жарыстарға келген қатысушылар дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінде медициналық тексерістен өтуі тиіс, өзімен бірге сақтандыру полисі (жазатайым оқиғалардан, өмір мен денсаулықты сақтау туралы келісімшарт) болуы тиіс, сондай-ақ 20  жасқа дейінгі спортшылар командалардың өкілдерінен (ата-аналардан, қамқоршылардан) жарыстарға қатысуға рұқсаттары болуы тиіс.

Панкратион традишн, элит бөлімдері және Грепплинг бойынша барлық жарыстарда дәрігердің болуы міндетті. Барлық жарыстар барысында ол санитарияға, гигиенаға және медициналық сұрақтарға жауапты (қауіпті жағдай туындағанда көмек көрсетеді, допинг-бақылауда болады). Ұйымдастырушылар жарыстарды өткізудің барлық уақытында медициналық персоналдың жұмысын қамтамасыз етіп, төлеуі тиіс. Жарыстар өткізу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ұйымдастырушылар мен командалардың өкілдері жауапты.

 

10. Марапаттау

Чемпиондар мен жүлдегерлер медальдермен, дипломдармен марапатталады.

 

11. Қаржылық шығындар

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді (медальдермен және мадақтау қағаздарымен) марапаттау бойынша.

Шақырылған төрешілердің еңбегін төлеу бойынша шығындарды Панкратион Ұлттық Федерациясы өтейді.

Облыстардың, қалалардың құрама командаларының және төрешілерінің келіп-кетуі, тамақтануы, тұруы бойынша шығындарды команда ұйымдары өтейді.

 

12. Өтінімдерді беру уақыты мен тәртібі

Жарыстарға келген қатысушылар өз өкілі арқылы мандаттық комиссияға дәрігермен куәландырылған өтінімді, жеке куәлік құжаттарын, сақтандыру полисін және қатысушының тұлғасын куәландыратын басқа да құжаттарды тапсыруы тиіс.

Қатысуға алдын-ала өтінімдер жарысты өткізуді жоспарлайтын ұйымға жарыстардың басталуына дейін 10 күн бұрын электрондық пошта бойынша жарыстардың бас хатшысы В.Н.Фофановқа жіберіледі: fbskz@yandex.ru телефоны 8 702 191 2966 немесе mekeev@mail.ru, телефоны 8 778 777 0223.

Осы ереже Панкратион (традишн, элит бөлімдері) және Грепплинг бойынша ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының Кубогіне ресми шақыру болып табылады. 

Вернуться назад

Фотообзоры турниров

ЗАЛ
СЛАВЫ

ТУРНИРЫ

Результаты Скоро
  • Открытый турнир г. Караганды по грепплингу 2011-01-30
    • ЦКФБС (Караганда)
    • Лион (Караганда)
    • Темиртау
    • 1 место
    • 2 место
    • 3 место
  • Чемпионат РК по боевому самбо 2010-11-07
    • Караганды
    • Алматы
    • Астана
    • 1 место
    • 2 место
    • 3 место
  • Чемпионат мира по боевому самбо 2010 2010-12-18
    • Россия
    • Казахстан
    • Украина
    • 1 место
    • 2 место
    • 3 место
  • Чемпионат Казахстана по грэпплингу (Gi) 2011-02-26
    • Атырау
    • Алматы
    • Караганда
    • 1 место
    • 2 место
    • 3 место
  • Чемпионат Казахстана по грэпплингу (NoGi) 2011-02-27
    • Атырау
    • Алматы
    • Темиртау
    • 1 место
    • 2 место
    • 3 место
  • Областной турнир по грэпплингу 2011-04-16
    • ЦКФБС
    • Клуб "Вайнах"
    • Клуб "Окинава"
    • 1 место
    • 2 место
    • 3 место
  • Международный турнир по боевому самбо, среди мужчин 2011-05-14
    • ЦКФ Боевого Самбо
    • "Бойцовский клуб им. Юсупа Межидова", Чеченская Республика
    • Клуб "Аскер", г. Алматы
    • 1 место
    • 2 место
    • 3 место
  • Открытый кубок г. Карагадны по грэпплингу 2011-05-29
    • ЦКФБС
    • Клуб "Антей"
    • Клуб "Вайнах"
    • 1 место
    • 2 место
    • 3 место
  • Открытый Республиканский турнир по боевому самбо, среди молодежи 2011-05-15
    • ЦКФБС
    • Астана
    • клуб "Вайнах"
    • 1 место
    • 2 место
    • 3 место
    • --------------------
    • --------------------
    • --------------------
    • 1 место
    • 2 место
    • 3 место